Қазақстан дәрігерлері мен фармазевттерінің қауымдастығы (ҚДжДҚ) 1990 жылы 6-7 ақпанда құрылған. 2009 жылдың 24 желтоқсанынан бері ҚДжДҚ «Ұлттық Медицина ассоциациясы» РҚБ (бұдан былай – «ҰМА» РҚБ) деп өзгертілді.
Бұл дәрігерлерді жеке өтініші бойынша біріктіретін және кәсіби белгіге қарай құрылған ерікті, өздігінен басқарылатын, коммерциялық емес кәсіби-қоғамдық ұйым.
Қазіргі таңда «ҰМА» РҚБ 60-тан астам филиалдың басын қосып отыр, сондай-ақ оның облыс орталықтарында және Қазақстанның ірі қалаларында өкілдіктері бар.
«ҰМА» РҚБ-тің басты мақсаты: жоғары біліктілік, адамгершілік және қайырымдылық негізінде дәрігер мамандығының беделі мен әлеуметтік маңыздылығын қайта жаңғыртуға үлес қосу; тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында медицина ғылымын және тәжірибесін дамытуға қатысу; денсаулық сақтаудың коммерциялық емес секторының дамуына қолдау білдіру; қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу.
Бүгінгі таңда «ҰМА» РҚБ-нің мүшелері Қазақстан дәрігерлері, құрметті мүшелері – Еуропа және ТМД елдерінің дәрігерлері, қосалқы мүшелері – Қазақстанның медициналық ЖОО студенттері.
Өзінің 25 жылдық қызметі барысында «ҰМА» РҚБ төмендегілерді жүзеге асырды:
Осы уақыттар аралығында Ұлттық Медициналық Ассоциациясытың бастамасымен төмендегілер жүзеге асты:
«ҰМА» РҚБ өкілдері «Денсаулық жылын» өткізу бойынша Комиссияның, ҚР Өкіметі жанында денсаулық сақтау бойынша Ұлттық Үйлестіруші Кеңестің, ҚР ДМ Ұжымы құрамында медициналық бірлестіктің мүддесін қорғады. «ҰМА» РҚБ мүшелері жергілікті атқарушы органдарда, аймақтардағы ҚР ДСжӘДМ МжФҚБК департаментінде түрлі комиссиялардың құрамына, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу бойынша ТМККМ орындауға енгізілді. 2016 жылдан бері ҰМА Президенті Садықова Айжан Бегайдарқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Қоғамдық кеңесінің құрамына кіреді.
«ҰМА» РҚБ халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және төмендегі ұйымдардың мүшесі болып табылады:
2015 жылы «ҰМА» РҚБ бастамасы бойынша «Денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық қоғамдық үйлестіруші комитет» (бұдан былай – ДСХҚҮК) құрылды, оның төрағасы Рошаль Л. М., орынбасары Садықова А. Б. ДСХҚҮК-тің құрамына шағын комитеттер кіреді:
2015 жылы «Алтын Дәрігер» кітабы жарық көрді. «Ұлттық Медициналық Ассоциациясытың 1990-2015 жылдар арасындағы тарихын қамтитын Алтын кітап».