"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі (әрі қарай – «ҰМА» РҚБ) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Еркін тыныс ал!."Туберкулездің алдын алу" тақырыбына арналған әлеуметтік-мәнді жобасын орындау барысында 2016 ж. 9 тамызында Үржар ауданында ауыл тұрғындары арасында "Еркін тыныс ал!" Акциясы мен "Денсаулық жолы" ведомствоаралық деңгейде облыстың аудандарында республикалық маңызы бар Акциясын өткізуді жоспарлауда. Іс-шараларды іске асыру үшін: Садықова Айжан Бегайдарқызы – "ҰМА" РҚБ президенті; Әлменова Нәйла Сапанқызы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша "ҰМА" РҚБ филиалының президенті; Аманжолова Ләйла Құсайынқызы өкпеден тыс туберкулез және ТБ/АИТВ ТМҰО ҚР ДСӘДМ бойынша емдеу үйлестірушісі салауатты өмір салты, туберкулездің дамуна мінез-құлықтың қауіпті факторлары бойынша консультациялар және семинар-тренингтер өткізуге келеді.